Биыл соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді. Алайда Түркістан облысының Сайрам ауданындағы ардагерге Жеңіс күніне орай 1 млн 650 мың теңге төлем берілетінін әкімдік редакциямыздың сауалына берген жауабында айтқан болатын.
Жалпы Түркістан облысында 3 Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері бар. Облыс әкімдігінің редакциямызға берген жауабында Жеңіс күніне орай төлем мөлшері ауданға қарай әртүрлі көрсетілгенін хабарлаған еді. Мысалы. Жетісай және Сарыағаш аудандарындағы ардагерлерге 5 млн теңгеден берілсе, Сайрам ауданындағы ардагерге 1 млн 650 мың теңге қарастырылған болатын.
Түркістан облысы әкімдігі редакциямызбен байланысып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Түркістан облысы әкімдігінің барлық өңірде әлеуметтік көмек мөлшері 5 миллион теңгеден төленсін деген тапсырмасына сәйкес, Сайрам ауданында қосымша қаржы қарастырылғанын мәлімдеді.
Қазіргі таңда, Жетісай, Сарыағаш, Сайрам аудандарындағы ардагерлердің есепшоттарына 5 миллион теңгеден бір реттік әлеуметтік көмек толық төленгендігін хабарлаймыз, - деп ақпарат берді өңір әкімдігі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жеңіс күніне орай Қазақстанның қай өңірі ардагерлерге ең көп қаржы беретінін хабарлаған едік.
Белгілі болғандай, Қазақстан соғыс ардагерлеріне төлем көлемі бойынша ТМД-да көш бастап тұр.
Алматы облысында соғыс ардагерлеріне 20 миллион теңге әлеуметтік төлем берілгені де хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар: Жеңіс күні қарсаңындағы статистика: Қазақстанда қанша ардагер бар?
Маңғыстау облысында жалғыз қалған соғыс ардагеріне қандай құрмет көрсетіледі?
5,5 миллион теңге сыйақы: Қызылорда облысында бір ғана ардагер қалды