Қазақстанда ең төменгі жалақы қашан өсетіні белгілі болды

Шешім бюджет мүмкіндігі мен экономикалық көрсеткіштерге байланысты қабылданады.

 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов Бүгiн 2026, 15:36
Бүгiн 2026, 15:36
914
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Қазақстанда ең төменгі жалақы өсуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифинг барысында журналистердің сұрағына жауап бере отырып, бұл мәселе қазір пысықталып жатқанын мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, ең төменгі жалақы мөлшерін анықтау кезінде бірнеше экономикалық көрсеткіш ескеріледі. Оның ішінде еңбек өнімділігі мен медианалық жалақы деңгейі бар.

Ең төменгі жалақы екі негізгі көрсеткішке байланысты есептеледі. Оның бірі – еңбек өнімділігі, екіншісі – медианалық жалақы. Сонымен қатар белгісіздік коэффициенті енгізілген. Ол ең төменгі жалақы деңгейін реттеуге мүмкіндік береді, – деп түсіндірді вице-премьер.

Ол ең төменгі жалақыны көтеру туралы түпкілікті шешім мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігіне қарай қабылданатынын атап өтті.

Ең төменгі жалақыны қандай деңгейге дейін көтереміз – бәрі бюджет мүмкіндігіне байланысты болады, – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, қазір Үкіметте ең төменгі жалақыны көтерудің ықтимал параметрлеріне қатысты талдау жұмыстары жалғасып жатыр.

Тағы оқи отырыңыздар: Халық табысы неге өспей жатыр? – Үкімет себебін түсіндірді 

Наверх