Жеңіс күні қарсаңындағы статистика: Қазақстанда қанша ардагер бар?

Ардагер ретінде 83 адам арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады.

Бүгiн 2026, 17:47
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 17:47
Бүгiн 2026, 17:47
161
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Ұлы Отан соғысы жылдарында ұрыс қимылдарына шамамен 1,2 миллион қазақстандық қатысты. Бүгінгі таңда Қазақстанда 83 ардагер тұрып бар.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының мәліметінше, ел бойынша барлығы ардагер ретінде 83 адам арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады. Оның ішінде 69-ы - соғысқа қатысушылар, ал 14-і - Ұлы Отан соғысының мүгедектері.

Өңірлер бойынша статистика келесідей:

Алматы қаласы - 26;

Алматы облысы - 8;

Қостанай облысы - 6;

Шығыс Қазақстан облысы - 4;

Қарағанды облысы - 4.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында ардагерлерге 296 млн теңге төлемақы берілетіні хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Маңғыстау облысында жалғыз қалған соғыс ардагеріне қандай құрмет көрсетіледі?

5,5 миллион теңге сыйақы: Қызылорда облысында бір ғана ардагер қалды

Ақмола облысындағы соңғы соғыс ардагеріне 5 млн теңге беріледі

 

Наверх