5,5 миллион теңге сыйақы: Қызылорда облысында бір ғана ардагер қалды

Сондай-ақ өңірде ардагерлерге теңестірілген азаматтар мен тыл еңбеккерлері де бар.

Бүгiн 2026, 14:21
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 14:21
Бүгiн 2026, 14:21
235
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері саусақпен санарлық деңгейге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Редакцияның ресми сауалына жауап берген өкілдіктің ресми мәліметке сәйкес, өңірде бір ғана ардагер тіркелген. Ол  – Тасыров Яхия Тасырұлы тұрады.

Бұл – уақыт өткен сайын соғыс куәгерлерінің қатары сиреп бара жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіш. Сондай-ақ өңірде ардагерлерге теңестірілген азаматтар мен тыл еңбеккерлері де бар.

Өңірдегі ардагерлер саны қандай

Қазіргі таңда облыста  ҰОС ардагері – 1 адам, тыл ардагерлері – 1331 адам,ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер – 402 адам, ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер – 331 адам, Соғыс ардагерлерінің жесірлері – 31 адамды көрсетіп отыр,- деп жазады Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Яғни ресми түрде соғысқа қатысқан ардагер біреу ғана болғанымен, соғыс жылдарының ауыртпалығын көрген азаматтар саны едәуір.

Жеңіс күніне қандай көмек беріледі?

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Қызылорда облысында жергілікті бюджет есебінен қосымша қолдау көрсетіледі.

2026 жылы өңірде жалғыз ардагерге 5 501 400 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған,- делінген жауапта.

Қандай мәселелер бар?

Өңірдегі ардагерлердің негізгі әлеуметтік сұраныстары да анықталған. Олардың қатарында белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашу,қоғамдық көліктерде жеңілдіктер қарастыру сияқты әлеуметтік маңызы бар мәселелер бар.

Жеңіс күніне қандай іс-шаралар болады?

Қызылорда облысында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай бірқатар мәдени және патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл шаралар өңір тұрғындарының қатысуымен өтіп, жастарға тарихи тәрбие беруге бағытталған. Мерекелік бағдарлама аясында салтанатты жиындар, патриоттық акциялар және мәдени кештер өткізіледі. Театр сахнасында арнайы қойылымдар ұсынылып, музейлерде Жеңіс тақырыбына арналған көрмелер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, оқушылар арасында ұлттық зияткерлік ойындар мен спорттық жарыстар өтеді.

Жеңіс күні қарсаңында батырларға тағзым ету рәсімдері, еске алу митингтері ұйымдастырылып, қоғам белсенділері мен жастардың кездесулері жоспарланған. Бұдан бөлек, өңірдегі жалғыз Ұлы Отан соғысы ардагеріне құрмет көрсету шаралары да қарастырылған.

Біз бұған дейін Ақмола облысындағы соңғы соғыс ардагеріне 5 млн теңге берілетінін жазған едік. 

Наверх