Бұл туралы өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ресми жауапта мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2025 жылғы төлем тізіміне сәйкес, облыста 1 ҰОС ардагері,621 адам – ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер бар.
Оның ішінде:
131 адам – соғыс кезінде жараланып, мүгедектік алғандар.
104 адам – жеңілдіктер бойынша теңестірілгендер.
386 адам – еңбек ардагерлері.
5 миллион теңге беріледі
Жеңіс күніне орай өңірде біржолғы әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Соның ішінде:
ҰОС ардагеріне – 5 000 000 теңге.
Мүгедектігі бар теңестірілгендерге – 259 500 теңге.
Басқа теңестірілген санаттарға – 216 250 теңге.
Еңбек ардагерлеріне – 173 000 теңге беріледі.
Бұл төлемдер қала және аудан мәслихаттарының шешімі негізінде беріледі.
Қосымша қандай қолдау бар?
Облыста ардагерлерге тек бір реттік төлеммен шектелмейді.
Жылына бір рет табысқа қарамастан санаторий-курорттық емделу, теміржол билеттерінің құнын өтеу, мерекелік құттықтаулар мен әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған,- дейді басқарма.
Бүгінде Маңғыстау облысында Ұлы Отан соғысының тірі куәгері ретінде қалған бір ғана ардагерді қолдау - тек материалдық көмек емес, тарихи буынға деген құрметтің белгісі.
Бұған дейін Қызылорда облысында қалған жалғыз ардагерге 5,5 миллион теңге сыйақы берілетіні мәлім болды.