Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зиянды жұмыста ресми расталған еңбек өтілі жоқтар не істеу керек?

10 Маусым 2025, 11:09
403
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтырдан бастап елде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жүйесіне өзгеріс енгізілгені белгілі.

2024 жылдан бастап 55 жастан асқан және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жүйесіне кемінде 7 жыл қатысқан азаматтарға арнайы төлемдер енгізілді. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жүйесінде ресми расталған еңбек өтілі жоқ, бірақ зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегендерді қамту аясын кеңейту мәселесі қарастырылуда, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар зиянды учаскелердегі жұмыс күші санын оңтайландыру кезінде еңбек жүктемесін міндетті түрде нормалау тәсілдері пысықталып жатыр.

Бұл жұмысшылардың өндірістік қауіптердің жасырын артуынан қорғауға мүмкіндік береді. Зиянды және қауіпті учаскелердегі жұмысшылар санын азайту кез келген жағдайда орындауға рұқсат етілген жүктемелер мен жұмыс көлемдерін нормативтік негіздемемен бірге жүргізілуге тиіс, - деді министр.

Тағы бір айта кетерлігі, ұжымдық шарттар мен әлеуметтік әріптестік келісімдерін цифрландыру қолға алынды.

Министрлік электрондық ұжымдық шарттар жүйесін енгізді. Бұл жүйе жобаны дайындаудан бастап қол қою және жұмыскерлерді хабардар етуге дейінгі толық циклді қамтиды. Салалық және жалпы келісімдерді қоса алғанда, шарттардың цифрлық форматына көшу еңбек жағдайларының айқындығын және барлық деңгейлерінде біртұтас стандартты қамтамасыз етеді. Сонымен бірге жүйені енгізу – бұл тек бірінші қадам ғана. Келесі кезеңнің міндеті – елдегі барлық жұмыс берушілерді электронды форматтағы шарттарға көшіруді қамтамасыз ету, - деді Светлана Жақыпова.

Осы мақсатта министрлік ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік қолдау көрсетеді және жүйенің техникалық қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Еске салайық, былтыр жазатайым оқиғадан 200-ден астам жұмысшы қаза тапқан. Сонымен қатар, Еңбек жағдайында зардап шеккендерге жағдайына қарамастан қолдау көрсетіледі. 

Өзгелердің жаңалығы