Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Былтыр жазатайым оқиғадан 200-ден астам жұмысшы қаза тапқан

10 Маусым 2025, 10:37
1239
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, бүгінгі күні еңбек қауіпсіздігін қорғау және қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі.

Мемлекет басшысы өндірісте орын алатын қайғылы оқиғаларға жол бермеу қажеттігін бірнеше мәрте қадап айтып, өнеркәсіптік және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын күшейтуді тапсырды. Әрбір жазатайым оқиға мұқият талдауға негіз болуы тиіс, ал жауапты лауазымды адамдар міндетті түрде жеке жауапкершілікке тартылуға тиіс, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр былтыр жазатайым жағдайлардан қанша адамның жапа шеккеніне тоқталды.

2024 жылы жазатайым оқиғалардан 1 408 адам зардап шекті. Олардың ішінде 202 адам қаза тапты. 445 мыңнан астам жұмыс орны әлі де зиянды және қауіпті ретінде жіктеледі. 15 976 азаматтың кәсіптік еңбекке қабілеттілігінің жоғалғаны анықталды. Оның ішінде 8 204 адам кәсіби аурулардан және 7 771 адам өндірістік жарақаттардан зардап шеккен. Бұл көрсеткіштер еңбек қорғау саласындағы тәсілдерді одан әрі жүйелі түрде жаңарту қажеттігін көрсетеді, - деді министр.

 

Өзгелердің жаңалығы