Жылыту маусымына дайындық. Кәсіпорын иелерінің тікелей құқықтық жауапкершілігін қарастыру керек – депутат

12 Желтоқсан 2022, 17:11
913
Бөлісу:
Жылыту маусымына дайындық. Кәсіпорын иелерінің тікелей құқықтық жауапкершілігін қарастыру керек – депутат

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров жылыту маусымына дайындығы үшін кәсіпорын иелерінің тікелей құқықтық жауапкершілігін қарастыру керек деп есептейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Табиғи монополиялар» санатындағы ЖЭС-тер мен магистраль желілерінің техникалық жағдайы, жылыту маусымына дайындығы үшін кәсіпорын иелерінің тікелей құқықтық жауапкершілігін қарастыру керек, - деп жазды депутат.

Ерлан Сайыров бұл мәселені депутаттар пысықтайтынын айтты.

ЖЭС-терді аудит жүргізу барысында мемлекет бөлген 184 млрд теңге қаражат қайда кеткені, тарифтердің инвестициялық бөлігі қалай жұмсалғаны мәселелері жіті тексерілуі тиіс, - деп айтты Ерлан Сайыров.

Оның сөзінше, тозығы жеткен желілерді жөндеу кәсіпорын акционерлерінің мойнында болуға тиіс. Сонымен қатар барлық ЖЭС-тің мердігерлерін жан-жақты тексеру қажет. 

ЖЭС «убытоктары» қолдан жасалып, қаржы бір адамның бір қалтасынан екінші қалтасына төгілуі ықтимал. Тарифтен түскен қаржыны шетке шығару белгілерін де терең тексеру маңызды, - деп есептейді Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста Мемлекет басшысы Екібастұз қаласының жылусыз қалуына не себеп болғаны тергеу арқылы анықталып, тиісті шаралар қабылданатынын атап өткен болатын. 

Өзгелердің жаңалығы