Екібастұздағы жағдай: Бізде қордаланып қалған мәселені жасыратын әдет бар – Тоқаев

12 Желтоқсан 2022, 12:07
1259
Бөлісу:
Екібастұздағы жағдай: Бізде қордаланып қалған мәселені жасыратын әдет бар – Тоқаев

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Екібастұз қаласының жылусыз қалуына не себеп болғаны тергеу арқылы анықталып, тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Бізде қордаланған проблемалар туралы ауыз ашпау тәжірибесі бар. Осы тәжірибе ауқымды зардаптарға алып келді. Оның салдарын жою үшін қомақты қаражат керек болды. Ол туралы жаңа ғана Премьер-Министрдің бірінші орынбасары да айтты, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай оқиғадан сабақ алу маңызды екенін айтты.

Мен болған істен сабақ алып, неге мұндай оқиға болғанын, себебін тергеу жүргізу керек деп ойлаймын. Соның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылдаймыз, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы