Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

9 Маусым 2025, 14:42
964
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

BAQ.KZ тілшісі Орталық Азия мен Қытайдың "Жэньминь жибао" басылымы журналистерімен "Бір белдеу, бір жол" бағдарламасы аясындағы бірлескен баспасөз турына қатысты.

Баспасөз туры аясында шетелдік және жергілікті БАҚ өкілдері Қарағанды облысы Саран қаласындағы автобус шығаратын өндіріс орнында болды.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

БАҚ өкілдерімен кездесуге келген Саран қаласының әкімі Дарын Бұлқайыр қаланың индустриялық әлеуеті мен даму барысы туралы баяндады. Ол Саран қаласының өнеркәсіптік аймақ екенін атап өтті.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

Саран қаласы – өнеркәсіптік аймақ. Мұнда шамамен 21 зауыт шоғырланған. Әр жылы 2-3 жаңа зауыт ашылады. Бұл зауыттардың өндірістік үлесі үлкен. Мысалы, QazTehna зауыты бүгінгі таңда экономиканың өсу катализаторы, яғни ол біздің ірі жобаларымыздың бірі. Бұл жоба Қытай Халық Республикасымен бірлесіп жүзеге асырылды. Біздің әріптестігіміз жақсы нәтижелер беріп жатыр. Қазір зауытта 1000-нан астам жұмыс орны құрылды, негізінен жергілікті тұрғындар жұмыс істейді. Осы кәсіпорынның арқасында халықтың тұрмысы жақсарды, жұмыссыздық деңгейі төмендеді, - дейді қала мэрі.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

Әкім өндірістің әлеуметтік жауапкершілігіне де ерекше назар аударды.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

Жыл сайын QazTehna мектептер мен интернаттарға автобустар сыйлайды. Сонымен қатар бұл кәсіпорын қала бюджетін толықтыруға, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салуға септігін тигізіп келеді, - деп қоса кетті Дарын Бұлқайыр.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

Саран қаласының экономикасы соңғы төрт жылда 6,5 есе өсті, ал жұмыссыздық деңгейі 1,5 есеге төмендеді. Бұл – шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану және бірлескен бағдарламалардың нәтижесі. 

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

Әкімнің айтуынша, Қытаймен бірлескен бағдарламалар бар, соның ішінде “Бір белдеу, бір жол” бағдарламасы аясында үлкен локализация жүріп жатыр. Мысалы, Yutong компаниясымен бірге автобус шығарылады. Бұл өндіріс тоқтамай, дамып келеді.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

Сондай-ақ қалада кәсіптік білім беру жүйесі қайта қаралып, өндірістің сұранысына сәйкес мамандар дайындалып жатыр. Ең көп сұраныстағы мамандықтар – дәнекерлеуші, электрик және техникалық қызмет көрсету саласының мамандары. Орташа жалақы 300-350 мың теңгені құрайды. "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы арқылы электр, су, канализация сияқты инфрақұрылымдар жетілдіріліп жатыр.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

Қала автобус паркін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлуде. Қазіргі таңда 16 автобус мектептер мен қалалық маршруттарға қызмет көрсетеді. Барлық өнім ішкі өндірістен алынатындықтан, бюджеттік қаражат шетелге кетпейді. Бұл саясат Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатыр. Жыл сайын отандық өндіріс үлесі өсіп келеді, жергілікті өндірушілерге басымдық беріліп, электр автобустары ірі қалаларда стандартқа айналып отыр.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

QazTehna өндіріс кешенінің басқарушы директоры Роман Кривопаленко зауыттың қазіргі даму барысы мен өндірістік қуаттар туралы ақпарат берді.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

Оның айтуынша, қазіргі уақытта зауыт аумағында жаңа өндірістік ғимараттар салынып жатыр. Онда жақын күндері штамптайтын пресс пен бес прокаттық желі орнатылады. Бұл жабдықтар арқылы автобус шатырлары мен бүйір қабырғаларына қажетті бөлшектер өзіміздің қазақстандық болаттан шығарылады.

Осы жұмыстар тамыз-қыркүйек айларында басталады. Бұл – өндірісті отандық етудің, яғни шетелге тәуелділікті азайту бағытындағы алғашқы маңызды қадам, – деді Роман Кривопаленко.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

Ол қазіргі таңда мұндай бөлшектер Қытайдан әкелінетінін айтты. Бірақ өндіріс іске қосылған соң отандық деңгей 36%-дан 50%-ға дейін өседі.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

Зауыт жылына 1200 автобус шығаруға қауқарлы. Бір ауысымда күніне 4 автобус шығарылады. Жалпы кәсіпорында мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ал кез келген көлемдегі тапсырысты орындау мерзімі – 180 күн.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

Роман Кривопаленко автобустарды әр өңірге әртүрлі дизайнмен, түспен шығарылатынын да атап өтті. Сөзінше, өндірушілер тапсырыс берушілердің сұранысына сай жұмыс істейді. Сондай-ақ әр өңірдің климаттық жағдайы да көлік шығаратын кезде ескеріледі. Мысалы, елордаға жіберілетін автобустар қыстың суығына төтеп бере алатындай етіп жасалады.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

2024 жылы QazTehna автобустары Қазақстан нарығының 68%-ын қамтыған. Бүгінде олардың өнімі еліміздің барлық ірі қаласында қолданылады.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

Біз электр автобустарын жеткізумен де айналысамыз. Мысалы, Алматыда осындай экологиялық көлікке сұраныс жоғары. Бұрын Астанаға 18 метрлік электробустар шығардық. Тапсырыс берушінің өтініші бойынша автобусқа төртінші есік орнатылды. Бұл – төрт есікті электробус жасаудағы алғашқы тәжірибеміз еді. Ал елордаға 2020 жылы жеткізілген алғашқы 100 электробус әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр, – деді басқарушы директор.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

Оның айтуынша, электр автобустарын көбейту үшін арнайы инфрақұрылым – қуаттау станциялары қажет. Мұндай нысандарды салу үшін уақыт пен қаржы керек, сондықтан бұл мәселемен жергілікті әкімдіктер немесе автобус сатып алатын компаниялар айналысады.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

QazTehna зауыты Саран қаласын моноқала статусынан шығарып, іскерлік бәсекеге қабілетті қалаға айналдыруға үлкен үлес қосуда. Жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік жағдай жақсарып келеді.

"Жұмыссыздық азайып, халықтың жағдайы жақсарды": Саранда өндіріс қалай дамып жатыр

Алдағы уақытта өтетін Орталық Азия – Қытай форумы аясында зауыт пен қаланың жетістіктері таныстырылып, жаңа серіктестіктер мен жобалар талқыланады.

Саран қаласының тәжірибесі Қазақстандағы индустрия мен халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып отыр.

Еске сала кетейік, бұл баспасөз турын Қытайдың жетекші ақпарат құралдарының бірі — "Жэньминь жибао" газеті ұйымдастырды. Бұған дейін шетелдік журналистер Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында болды. Сондай-ақ Ақтаудағы битум зауытының жұмысымен де танысты.

Сонымен бірге журналистер Ақтаудың ерекше көрінісін де тамашалады. Оған қоса БАҚ өкілдері Маңғыстаудағы су тазартатын бірегей зауыт пен Тайыншадағы астық өндіретін зауыт қалай жұмыс істейтінін көрді. 

Сондай-ақ іс-шара маусым айында Астанада өтетін "Орталық Азия – Қытай" саммитінде аясында өткізіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы