Жетісуда мұғалімдерді медициналық тексеруден өткізбеген 21 басшы жазаланды

Жетісу облысында прокуратура білім беру саласы қызметкерінің конституциялық құқықтарын қорғады.

13 Қараша 2026, 18:35
АВТОР
 istockphoto.com 13 Қараша 2026, 18:35
13 Қараша 2026, 18:35
117
Фото: istockphoto.com

Ақсу ауданының прокуратурасы білім беру саласының 1,7 мыңнан астам қызметкерінің профилактикалық медициналық тексерулерден уақтылы өтуге қатысты конституциялық құқықтарын қалпына келтірді.

Мектептерде, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында қызметкерлердің медициналық тексерулерден, оның ішінде скринингтік зерттеулерден уақтылы өтуіне кедергі келтірген заң бұзушылықтар анықталды.

Аталған заң бұзушылықтар азаматтардың Конституциямен кепілдік берілген денсаулығын сақтау құқықтарына нұқсан келтірген. Аудан прокуратурасының енгізген ұсынуы негізінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, кінәлі 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Жетісу облысының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, еңбек және денсаулық сақтау салаларындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлады Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында әкім инвестордың құқықтарын бұзғаны үшін жазаланды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Сақтандыру төлемін сылтау еткен: Ұлытауда клиенттерді алдаған банк қызметкерінің ісі әшкере болды

«Жұмыс істемеген» қызметкерлерге 5,8 млн теңге төленген: Мектеп директоры, орынбасары мен бухгалтер сотталды

Қорқытып-үркіту мен қатыгез «система»: Жамбыл облысында үш жасөспірімнің өліміне қатысты іс сотқа жолданды

Наверх