Жетісу облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған адамдардың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен заңсыз табыс табу мақсатында құмар ойындарын ұйымдастырған төрт адамның заңсыз қызметі тоқтатылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында облыстың төрт тұрғынының, олардың біреуі қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде кәмелетке толмаған болған, «TikTok» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирлерде заңсыз карта ойындарын ұйымдастырғаны анықталды.
Құқыққа қайшы әрекеттерінің нәтижесінде олар 95 млн теңге мөлшерінде заңсыз табыс алған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді (заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру). Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды (үкім заңды күшіне енген жоқ), - деп хабарлады Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Жетісу облысының прокуратурасы құмар ойындарды ұйымдастыруға байланысты заңсыз қызметті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Еске салайық, бұған дейін TikTok-та «қаралы күнге» тіл тигізген Шымкент тұрғыны 10 тәулікке қамалды.
Тағы оқи отырыңыз:
TikTok-тың тікелей эфирінде боқтық сөз айтқан әйел сот алдында жауап берді
Мысықты Тик-ток эфирінде қинаған: Қызылордада ер адам жауапқа тартылды
Семейде «өрмекші адам» жауапқа тартылды