Семейде «өрмекші адам» жауапқа тартылды

Тіркемедегі «өрмекші адам» мен оның қасында жүргендер жазаланды.

 видеодан скриншот 28 Қыркүйек 2026, 14:28
28 Қыркүйек 2026, 14:28
209
Фото: видеодан скриншот

Семейде жарнамалық түсірілімнен кейін бірнеше адам жауапкершілікке тартылды. 

Не болды?

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Семей қаласындағы аспалы көпір арқылы қозғалып бара жатқан Mitsubishi Pajero көлігінің тіркемесінде «өрмекші адам» костюмін киген адамның отырғаны түсірілген бейнежазбаны анықтады.

Тексеру кезінде бұл сапардың қаладағы мейрамханалардың бірін жарнамалау мақсатында ұйымдастырылғаны белгілі болды.

«Өрмекші адам» қандай жазаға тартылды?

Полиция қызметкерлері бейнежазбаға қатысқан азаматтарды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Тексеру нәтижесінде 23 жастағы көлік жүргізушісі жолаушыны тіркемеде тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жарнамалық түсірілімге қатысқан 18 жастағы «өрмекші адам» мен оның 25 жастағы серіктесі де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады polisia.kz баспасөз қызметі. 

Полиция қауіпсіздік талаптары басты орында екенін ескертеді

Полиция азаматтарға креативті жарнама немесе ерекше түсірілім ұйымдастырған кезде де қауіпсіздік талаптары мен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңызын еске салады.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда «ала сөмкеге кіріп, киімін ауыстырып», жол үстінде видео түсірген бойжеткен жауапқа тартылды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Жолаушыны көлігінің капотына отырғызып алған жүргізуші жауапқа тартылды

«Сөмкемде бомба бар» деген жолаушы ұсталды

Мысықты Тик-ток эфирінде қинаған: Қызылордада ер адам жауапқа тартылды

Наверх