Мұғалімдер күніне ұстазға не сыйлауға болады?

Қазақстанда Мұғалімдер күні 5 қазанда атап өтіледі.

28 Қыркүйек 2026, 15:40
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/жасанды интеллект 28 Қыркүйек 2026, 15:40
28 Қыркүйек 2026, 15:40
244
Фото: ©BAQ.KZ архиві/жасанды интеллект

Мұғалімдер күні қарсаңында ұстазға гүл сыйлау дәстүрі міндетке, жарысқа немесе ата-аналар үшін артық шығынға айналмауы тиіс. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі BAQ.KZ тілшісіне берген ресми жауабында мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, ұстазға гүл сыйлау – жақсы дәстүр. Алайда оның басты мәні гүлдің көлемі мен бағасында емес, баланың мұғалімге деген құрметінде.

Осыған байланысты гүл сыйлау әр бала мен ата-ананың ерікті таңдауы болуы керек.

Білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауы, ақша жинауды ұйымдастырмауы және мұны ата-аналарға міндеттемеуі тиіс, – делінген министрліктің жауабында.

Министрліктің мәліметінше, басты мақсат – мектептегі алғашқы күнді даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізу. Сондай-ақ балаларды ұстазды құрметтеуге, қарапайымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу көзделген.

Наверх