Аяз, жаңбыр, найзағай: Синоптиктер ескерту жариялады

Астанада түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз күтіледі.

 pixabay 28 Қыркүйек 2026, 02:34
28 Қыркүйек 2026, 02:34
148
Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 28 қыркүйекке арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент және 16 облыста ауа райының қолайсыз болатынын ескертті.

Астанада түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз күтіледі. Шымкентте күндіз жаңбыр мен найзағай болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл және секундына 15-20 метрге дейін жел күтіледі. Ақтөбе, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының бірқатар аудандарында тұман мен аяз болжанады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай, тұман және секундына 15-20 метрге дейін жел күтіледі. Жетісу облысының шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Маңғыстау, Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының бірқатар аумағында жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай, күндіз шаңды дауыл және секундына 15-20 метрге дейін жел күтіледі. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Наверх