Жергілікті халыққа қаупі жоқ. Байзақ ауданында оқ-дәрілер фрагменттерін бақылап жару жұмыстары басталды

14 Қазан 2021, 13:23
1191
Бөлісу:
Жергілікті халыққа қаупі жоқ. Байзақ ауданында оқ-дәрілер фрагменттерін бақылап жару жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік бөлімшелерінің күшімен Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер фрагменттерін бақылап жару басталды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Жұмыс күн сайын дүйсенбіден бастап жұма аралығында ағымдағы жылғы 13 қарашаға дейін жүргізіледі. Бұл үшін адамдар жоқ таулы жерде әскери бөлім мен елді мекендерден алыста әскери бөлімнен 12 шақырымнан астам қашықтықта учаске белгіленді. Мамандар тобы жергілікті халық пен инженерлік-саперлік бөлімшелер жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таңдалған жер учаскесін толығымен зерделеді. Жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті халыққа жару жұмыстарының жүргізілуі туралы алдан ала хабарланды, - делінген хабарламада.

Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерін тарта отырып, әскери полиция күшімен жару орнының айналасындағы аумақ қоршалды.


Хабарланғандай, жару кезінде дыбыстық әсер болады. Жүргізілетін жұмыстың жергілікті халық үшін қаупі жоқ.

Осыған дейін облыстық ПД да түсініктеме берген еді.

Өзгелердің жаңалығы