Жамбыл облысында тағы жарылыс болды ма?

14 Қазан 2021, 13:11
2721
Бөлісу:
Жамбыл облысында тағы жарылыс болды ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.14 қазанда таңғы сағат 9-дан бастап әскери бөлімнің жою алаңында жарылыс қаупі бар заттардың фрагменттерін тиеу, шығару және жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Тиеу және тасымалдау жұмыстары басталар алдында қауіпсіздік техникасы шараларының талаптарын сақтау бойынша сабақтар өткізілді.

Шығару жұмыстары 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарланған.

Жамбыл облыстық ПД хабарлағандай, 1 минут аралықпен сағат 11:30-да бақылау арқылы қауіпті заттардың екі жарылысы болды. Жақын маңдағы елді мекендердің инфрақұрылымына зиян тиген жоқ. Жағдай бақылауда тұр.

Осы жағдайға қатысты Қорғаныс министрлігі ресми ақпарат болатынын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы