Желіде Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған сәттің видеосы жарияланды

3 Қаңтар 2020, 10:55
4749
Бөлісу:
Желіде Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған сәттің видеосы жарияланды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы құлаған сәттің кадрлары пайда болды.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода ұшақтың құлаған сәтін 1:27 секундынан көруге болады.



Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air жолаушылар ұшағы құлады. Ұшақ Қызыл ту ауылында екіқабатты ғимаратқа соғылып апатқа ұшырады.


Кейіннен, зардап шеккендер мен бортта болған жолаушылардың толық тізімі жарияланды.

Мемлекет басшысы ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты. 

Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетті. 

Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. 

Бұдан бөлек, ұшақ бортындағы экипаждың есімдері белгілі болды

Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетінін айтты

ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын. 

Қазір зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.
Өзгелердің жаңалығы