Шымкентт қаласында сатушы жасөспірімге энергетикалық сусын сатқаны үшін жауапқа тартылды.
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сатушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 423-1-бабының 1-бөлігінде (21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сату) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Ол 2026 жылғы 8 қыркүйекте Шымкент қаласының Тассай елді мекенінде орналасқан азық-түлік дүкенінде 21 жасқа толмаған жасөспірімге бір бөтелке «Gorilla» энергетикалық сусынын сатқан.
Сот отырысында сатушы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді және өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот істің мән-жайларын ескере отырып, сатушыны ӘҚБтК-нің 423-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 216 250 теңге мөлшерінде айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады Шымкент сотының баспаөз қызметі.