Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған балаға бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы 50 сағаттық қоғамдық жұмысқа ауыстырылды. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады.
Бұған дейін жасөспірім бірнеше қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған еді. Оның ішінде ауырлығы шағын қылмыстың бірі үшін оған бір жыл түрме жазасы тағайындалған болатын.
Істі қайта қарау кезінде прокурор заң бойынша кәмелетке толмағандарға ауырлығы шағын қылмыстары үшін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға болмайтынын көрсетті.
Бұл ереже адам өлімімен байланысты болмаса, ауырлығы орташа қылмыстарға да қолданылады.
Осыдан кейін эпизодтардың бірі бойынша жаза 50 сағаттық қоғамдық жұмысқа өзгертілді. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалды.
Бас прокуратура кәмелетке толмағандарға үкім шығару кезінде сот олардың жасын, өмір сүру және тәрбиелену жағдайларын, психикалық даму деңгейін және басқа да мән-жайларды ескеруге тиіс екенін еске салды. Сондай-ақ тәрбиелік шараларды қолдану мүмкіндігі де қарастырылады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда көлік жүргізген оқушы жеке тұрғын үйдің қақпасына соғылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Көршілер арасындағы жанжал: Шымкентте ер адам қаза тапты
Аралда учаскелік полиция инспекторын өлтірді деген 39 жастағы күдікті қамауға алынды
Аралда көлік жүргізіп бара жатқан 6 жасар баланы полиция тоқтатты