Аралда түнде көшеде көлік жүргізген 6 жастағы баланың ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызылорда облысының Арал ауданында полиция қызметкерлері 6 жастағы баланың түнгі уақытта «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлікті басқарғанын анықтады.
Полицейлер дер кезінде әрекет етіп, жол-көлік оқиғасының алдын алды. .
- Кәмелетке толмағанның заңды өкіліне балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін ата-анасына қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Жинақталған құжаттар сотқа жолданып, іс сотта қаралды. Сот шешімімен ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды. Полиция қызметкерлері ата-анасы мен балаға профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда көлік жүргізген оқушы жеке тұрғын үйдің қақпасына соғылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада 46 жастағы велосипедші әйел «Газельдің» астына түсіп қайтыс болды
Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды
Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты