Әуежай терминалында жас өнерпаздар Түрік елінің көшбасшысына арнап «Домбыра» композициясын орындады.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды.
Мемлекет басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды.
Сондай-ақ, президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.
15 мамырда Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді. Саммиттің тақырыбы – «Жасанды интеллект және цифрлық даму».
Сонымен қатар, Ердоғанның Қазақстанға сапары бүкіл аймақ үшін неліктен маңызды екенін оқи аласыздар.