13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді, – деп жазылған хабарламада.
15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.
Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.
Ақорда сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қарсаңындағы Түркістандағы дайындық барысы түсірілген видеоны бөлісті.