Астанада қоғам назарын аудартқан блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова ісі бойынша сот отырысы алдағы дүйсенбі жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Прокурор процессуалдық келісім шарттарын талқылауға байланысты айыптау тарабына қосымша уақыт қажет екенін айтып, сот отырысын кейінге қалдыру туралы өтініш білдірді.
Өз кезегінде адвокат та қорғау тарабына келісім шарттарын талқылауды аяқтау үшін уақыт қажет екенін жеткізді.
Осыған байланысты сот отырысы дүйсенбі күні сағат 15:00-ге шегеріледі. Сот отырысы жабық деп жарияланады, – деді судья.
Бүгінгі сот отырысында блогер Эльмира Төлегенова прокурормен процессуалдық келісім жасауға келісті.
Еске салсақ, кешегі, яғни 2026 жылғы 22 сәуірде өткен сот отырысында айыпталушылардың адвокаты куәгер-тергеуші Абзал Әлімхановтан жауап алып, ақша қозғалысы мен банк шоттарына қол жеткізуге қатысты айыптау уәждеріне күмән келтірді.
Жанабылов ісінде 100 млн теңге қаржы қалай жұмсалғаны айтылды.
Бүгінгі сот жарыссөздері барысында мемлекеттік айыптаушы оларға мүлкін тәркілеумен қатар нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сондай-ақ, прокурор Олжас Хайруллаев Жанабыловтар ісі блогерлерге сабақ болуы тиіс екенін айтты.
Тергеуші Жанабыловқа жала жабу бабы бойынша іс қозғауы мүмкін екенін ескертті.
Тағы оқи отырыңыздар:
"Біреуге жай айыппұл, енді біріне сот". Жанабыловтардың адвокаты не дейді?