Жан басына шаққандағы ақшалай табыс 410 мың теңгеге жетті

Қазақстан Республикасы халқының шығыстары мен табыстары.

28 Қыркүйек 2026, 18:58
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/ Мади Искаков 28 Қыркүйек 2026, 18:58
28 Қыркүйек 2026, 18:58
242
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Мади Искаков

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда жан басына шаққандағы ақшалай табыс 410 мың теңгеге жеткенін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы II тоқсанда халықтың жан басына шаққанда ақшалай табыстарының мөлшері орта есеппен 410 088 теңгені құрады. Бұл өткен жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 14,0% -ға жоғары.

Сонымен қатар, халықтың ақшалай шығыстары жан басына шаққанда орта есеппен 358 584 теңгені құрады. 

Тұтынуға пайданылған табыстар орташа жан басына шаққанда 2026 жылғы II тоқсан бойынша 362 900 теңге болды. 

2026 жылғы II тоқсанда халықтың тұтынуға жұмсаған табыстары

2026 жылғы II тоқсанда халықтың ақшалай шығыстарының құрылымы

Кедейлік деңгейі қалай есептеледі?

Қазақстанда кедейлік деңгейін ресми бағалау үшін абсолютті кедейлік тұжырымдамасы қолданылады. Негізгі критерий ретінде негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бір адамға қажетті минималды ақшалай табысты білдіретін ең төменгі күнкөріс деңгейі алынады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі азық-түлік себетінің құнын, сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстарды қамтиды. Азық-түлік себеті 43 тағам түрінен тұрады. Оның үлесіне күнкөріс минимумы құнының 55%-ы тиесілі.

Кедейлік деңгейі тұтынуға жұмсалған табысы күнкөріс минимумынан төмен халық санының жалпы халық санына қатынасы ретінде анықталады.

Бұл ретте тек ақшалай тұтыну шығыстары ғана емес, сонымен қатар өзі өндірген өнімнің құны мен заттай нысанда тұтынылған трансферттер де ескеріледі.

Есептеулер табыстың эквиваленттілік шкаласын ескере отырып жүргізіледі. Үй шаруашылығының екінші және кейінгі мүшелері үшін бірге тұрған кезде шығыстарды үнемдеуді ескеретін 0,8 бірыңғай коэффициенті қолданылады.

Әл-ауқатты бағалау кезінде қандай көрсеткіштер ескеріледі

Ұлттық статистика бюросы абсолютті кедейлікпен қатар салыстырмалы кедейлік пен халықтың табыс теңсіздігі көрсеткіштерін де есептейді.

Атап айтқанда, салыстырмалы кедейлік халықтың тұтынуға жұмсалған жан басына шаққандағы орташа табысының медиандық мәнінің 60% критерийін қолдану арқылы анықталады.

Табыстардың бөлінуін бағалау үшін Джини коэффициенті де қолданылады. Бұл халықтың әртүрлі топтары арасындағы теңсіздік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кедейліктің тереңдігі мен өткірлігі коэффициенттері есептеледі. Біріншісі күнкөріс минимумынан төмен тұрған халық табысының белгіленген деңгейден орташа ауытқуын көрсетсе, екіншісі кедей халық тобы ішіндегі табыс теңсіздігінің дәрежесін көрсетеді.

2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын мониторингтеу үшін сатып алу қабілетінің паритеті бойынша АҚШ долларымен белгіленген халықаралық шектер бойынша кедейлік көрсеткіштері де жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Ұлттық қордан 76 миллион доллар алғаны, ақша қайда жұмсалғаны хабарланды. 

Наверх