Зейнетке шығатындарға алдын ала ескерту жасалады: Өзбекстанда жаңа жүйе іске қосылады

Өзбекстанда зейнетке шығатын азаматтарға алдын ала хабарлама жіберіледі.

29 Қыркүйек 2026, 19:08
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 29 Қыркүйек 2026, 19:08
29 Қыркүйек 2026, 19:08
115
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Өзбекстан президенті «Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру саласына заманауи қызметтерді енгізу жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ uznews.uz-ға сілтеме жасап. 

Құжатқа сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Менің зейнетақым» онлайн-қызметі шеңберінде тағайындалатын зейнетақы мөлшерін анықтау мүмкіндігі пайда болады.

Сонымен қатар азаматтар зейнетқыны есептеу кезінде еңбек өтілі ретінде ескерілетін кезеңдер туралы мәліметтерді ала алады. Олардың қатарына еңбек қызметі, жоғары білім беру мекемелерінде күндізгі нысанда оқу және әскери қызмет кіреді.

Сондай-ақ бұл сервис арқылы жалақы мен еңбек өтілі туралы мәліметтерді алу үшін мемлекеттік архивтерге электронды сұраулар жіберуге болады.

Тағы бір жаңа функция – зейнеткерлік жасқа жетуге бір жыл қалған азаматтарға алдын ала хабардар ету.

Бұдан басқа, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы қоры азаматтардан құжаттар мен мәліметтерді қағаз түрінде қабылдауды тоқтатады.

Жалпы, 2027 жылдың басына дейін Зейнетақы қорының қызметтерін интерактивті және проактивті формаларға толық көшіру жоспарлануда.

Атап айтқанда, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы келесі қызметтер проактивті түрде көрсетілетін болады:

2026 жылғы 1 қарашадан бастап – жұмыстар көлемінің қысқаруы немесе кәсіпорынның таратылуы салдарынан жұмыссыз деп танылған тұлғаларға жас бойынша зейнетақыны жалпы белгіленген жастан екі жыл бұрын тағайындау;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнетақы тағайындау.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстанда зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен көтеру ұсынылды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Өзбек палауы Гиннес рекордтар кітабына қашан енді?

Өзбекстанда 40 жастан асқан студенттер саны көбейді

Өзбекстанда жұмыстағы зорлық-зомбылық пен қысымға қарсы шағымдану порталы іске қосылады

 
Наверх