Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды заңсыз сақталған тіркелмеген атыс және суық қаруды тапсыруға шақырады, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттар табылған жағдайда олармен қандай да бір іс-қимыл жасамауды, оларды тасымалдамауды және бұл туралы полицияға 102 телефоны бойынша хабарлауды ескертеміз, - делінген ақпаратта.
Аталған іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, атыс және суық қаруды қолданумен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.