«Йогамен айналысып жүрмін». Мұхамедиұлы уақытын қалай өткізіп жатқанын айтты

17 Сәуір 2023, 15:45
1168
Бөлісу:
«Йогамен айналысып жүрмін». Мұхамедиұлы уақытын қалай өткізіп жатқанын айтты
Фото: Halyq Uni

Сот отырысының басында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистердің сұрағына жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері мемлекет бюджетін жымқырды деп айыпталған Арыстанбек Мұхамедиұлынан «сіз өзіңізге тағылған айыпты мойындайсыз ба?» деп және оның денсаулығы туралы сұрады. 

Денсаулығым жақсы. Күнде йогамен айналысамын, - деп жауап берді Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ ол изоляторда ешқандай қысым көрмегенін, бәрінің заңды түрде екенін айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін адвокат Мұхамедиұлын үйқамаққа жіберуді өтінгені туралы жазғанбыз. Сондай ақ адвокат Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлынан кек алу үшін прокуратураға арызданған дегенді айтты.

Өзгелердің жаңалығы