Адвокат Мұхамедиұлын үйқамаққа жіберуді өтінді

17 Сәуір 2023, 12:17
1000
Бөлісу:
Адвокат Мұхамедиұлын үйқамаққа жіберуді өтінді
Фото: t.me/vlastkz

Астанада экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ісіне қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Байқоңыр аудандық №2 сотында істі судья Бағлан Ыдырысов қарауда. Арыстанбек Мұхамедиұлының соты ауа райына байланысты онлайн режимде өтіп жатыр.

Сотталушы ауа райына байланысты онлайн қатысады. Кейін офлайн режімде жалғасады, - деді судья Бағлан Ыдырысов.

Адвокат Мұстақым Төлеев бұл істі тоқтату керегін атап өтті. Адвокат сот барысында Мұхамедиаұлын үйқамаққа жіберуді өтінді. Ол экс-министрдің денсаулық жағдайы жақсы емес екенін, зейнет жасындағы адам екенін алға тартты.

Судья өтініш бойынша қаулыны сағат 12.30-да шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілді.

Соныменмен қатар Мұхамедиұлының Мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексерілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы