Bek Air ұшақ билеттерінің ақшасын 31 желтоқсанға дейін қайтаруы тиіс

27 Желтоқсан 2019, 15:20
3033
Бөлісу:
Bek Air ұшақ билеттерінің ақшасын 31 желтоқсанға дейін қайтаруы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 желтоқсанға дейін сатып алынған Бек Эйр билеттерінің ақшасы толықтай қайтарылуы тиіс. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жолаушылар билеттерді 31 желтоқсанға дейін тапсыру қажет.

Бек Эйр әуекомпаниясына қатысты орын алған әуе апатына байланысты авиакомпанияның барлық рейстерінің жолаушыларына 2019 жылдың 31 желтоқсанына жоспарланған әуе компаниясының барлық рейстеріне сатып алынған авиабилеттер құны толықтай төленуі керек, - делінген ресми хабарламада. 

Ведомоствоның мәліметіне сүйенсек, рейстер барлық бағыт бойынша шектелді.

Айта кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды

Ресей президенті Владимир Путин Алматы маңында жолаушылар ұшағының құлауына байланысты қазақ халқына көңіл айтты

Өзгелердің жаңалығы