ҰҚК жасырын есірткі зертханасын анықтады

23 Қаңтар 2022, 14:47
1497
Бөлісу:
ҰҚК жасырын есірткі зертханасын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 20 қаңтарда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы «М» деген азаматшаны ұстап, УҰИ-ға қамады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 2 кг «мефедрон» психотроптық заты, прекурсорлардың ірі партиясы, зертханалық жабдық пен химиялық қорғау құралдары алынды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы