Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 арнасына Шымкент қаласының тұрғыны қоңырау шалып, Атырау қаласында орналасқан көп қабатты үйлердің біріндегі уақытша тұрып жатқан мекен-жайына белгісіз екі ер адамның заңсыз кірген.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олар асхана пышағымен және қаруға ұқсас затпен қорқыту арқылы ұрып-соғып, «Айфон 6с», «Samsung» маркалы ұялы телефондарын, “Apple Watch” маркалы смарт қол сағатын, екі дана алтын сырғасын, 40 мың теңге ақшасын ашық түрде тартып алып және 1 млн 576 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұялы телефондағы «Каспий» қосымшасы арқылы басқа есеп шотқа аудартып алғандығы жөнінде хабарлама берген, - делінген хабарламада.
Оқиға орнына дереу жеткен Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері мен Батыс-18 қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде 1996 жылғы және 1998 жылғы екі күдіктіні ұсталып, олардан екі дана ұялы телефон, екі дана алтын сырға, бір дана смарт қол сағаты, пневматикалық қару мен 1 млн 14 мың теңге көлемінде ақша қаражаты тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.