Ұлттық құрама елге оралды

21 Қараша 2023, 13:47
750
Бөлісу:
Ұлттық құрама елге оралды
PHOTO
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Назарбаев әуежайынан Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері күтіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еуро-2024-тің H тобында бақ сынаған Қазақстан Ұлттық құрамасы іріктеу кезеңнің қорытынды ойынында Словениямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңілді. Жеңіліске қарамастан футболшыларды күтіп алуға әуежейға жанкүйерлер көп жиналды.

Ұлттық құрама елге оралды
Ұлттық құрама елге оралды

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйлеп, футболшыларға алғыс білдірді.

Сіздер бүкіл қазақ халқына, тіпті футболдан, жалпы спорттан алыс жандарға естен кетпес ерекше әсер, эмоция сыйладыңыздар. Өз ойындарыңыз арқылы жанкүйерлердің отандық футболға деген сенімін қайтарып, еліміздің халықаралық аренадағы имиджін көтердіңіздер. Кеше түнде бүкіл ел ұйықтамай, сіздер үшін теледидар алдында тақым қысып, жанкүйер болды. Сіздер бұл додада үлкен ерлік жасап, қазақ халқын бір мақсат аясына ұйыстыра алдыңыздар. Бұл ерліктеріңіз көпке үлгі, мыңдаған жас бала сіздер сияқты болуды, болашақта ұлттық құрама сапында ойнауды армандайды. Қазақ халқына үлкен қуаныш сыйлағандарыңызға көп рахмет, - деді министр.

Сонымен қатар футболшылар мен жаттықтырушылар штабы барлық жанкүйерге іріктеу кезеңіндегі ойындар бойы қолдау білдіргені үшін алғыс білдірді.

Ұлттық құрама елге оралды

Барлық жанкүйерге алғыс айтамыз. Қолдауларыңыз үшін рахмет. Әлі де болса мүмкіндігіміз бар. Ұлттар лигасына дайындаламыз, - деді Ұлттық құрама қорғаушысы Нұралы Әліп.

Ұлттық құрама елге оралды

Футболшылар кеше Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында Словения футболшыларымен кездесіп, қарсыластарына 2:1 есебімен жол берді. Енді Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына Ұлттар лигасы арқылы шығуына мүмкіндігі бар. Келесі ойын 2024 жылдың наурыз айында Грекиямен болады.

Өзгелердің жаңалығы