5 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлытау облысында жоғалған 5 адамды іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоғалған адамдардың біреуін іздестіру жұмыстары төртінші күні жүргізілуде. 1964 жылы туған шопан Кіші Киік қыстауынан белгісіз бағытта шыққан, оның орналасқан жері әлі белгісіз. Жоғалғаны туралы өтініш 2022 жылдың 31 желтоқсанында келіп түскен. Іздестіруге ТЖ департаменті, полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің құрамында 14 адамнан тұратын іздеу тобының күштері мен құралдары және 3 техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ, 3 қаңтарда сағат 18:30-да Тоба қыстауының иесінен 1978 жылы туған шопан мал іздеуге шығып, оралмағаны туралы мәлімдеме түсті. ТЖ департаментінің, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органның және Тоба қыстауы иесінің құрамында 8 адам және 2 техника күштері және құралдарымен іздестіру жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында 2023 жылдың 2 қаңтарында 1987 ж.т., 1996 ж. т. және 1993 ж. т. үш адам Қарсақпай ауылынан Бірмаш қыстауына қарай көлікпен шығып, байланысқа шықпағаны туралы мәлімдеме келіп түсті. Іздестіруге ТЖД, ПД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары 7 адам және 3 техника құрамында жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта жоғалған 5 адамды іздеу жалғасуда. Қолайлы ауа райы жағдайлары орнаған кезде белгілеген кезде іздестіру жұмыстарына ТЖМ құтқару аваиациясын іске қосу жоспарлануда.
Сондай-ақ 2023 жылғы 4 қаңтарда Қарағанды облысының Шет ауданында Қарғалы ауылынан 5 км қашықтықта ТЖД күштерімен 1981 жылы туған азаматты іздестіру жүргізілді, ол 31 желтоқсанда атпен белгісіз бағытқа шығып, оралған жоқ. Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері әлі белгісіз. Іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже берген жоқ және қазіргі уақытта жалғасуда.
ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа-райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз!
Осыған байланысты, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін келесі маңызды ережелерді еске саламыз;
- азаматтар автомобильдермен жолға шықпас бұрын ауа-райына және дауылды ескертулерге назар аударуы керек;
- жазғы доңғалақтарды қысқы доңғалақтарға ауыстырып, көлікте күрек пен балта, жылы заттар, сіріңкелер мен шамдар, азық-түлік пен жанар-жағармай қоры, құрал-саймандар жиынтығы мен сүйрету кабелі, алғашқы медициналық көмек қобдишасы және зарядталған ұялы телефон болуы қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы "112" бірыңғай нөміріне немесе "101"нөміріне қоңырау шалыңыз.