Түркияда қайтыс болған қазақстандықтардың денесі елге қалай жеткізіледі

4 Қыркүйек 2023, 16:47
554
Бөлісу:
Түркияда қайтыс болған қазақстандықтардың денесі елге қалай жеткізіледі
Фото: Нұркен Алишев - архив

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда қайтыс болған екі қазақстандықтың денесі елге қалай жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл отбасыда сақтандыру полюстері болған. Түрік компаниялары арқылы жасалған. Түркияға туыстары жеткен соң, сол жерде шешім (денесін жеткізу бойынша - ред.) қабылданады. Қазақстанға тез арада жеткізілуіне көмек көрсетеміз, - деп айтты Смадияров брифингте. 

СІМ шетелге шығатын қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керегін ескертті.

Бұған дейін Айбек Смадияров Түркияда қаза тапқан анасы мен баласының не себепті қаза болғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы