Тұрғындарды 43 млн теңгеге алдап кеткен қостанайлық «полицейлер» ұсталды

17 Шілде 2023, 12:20
670
Бөлісу:
Тұрғындарды 43 млн теңгеге алдап кеткен қостанайлық «полицейлер» ұсталды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Қостанай облысында «полицияның» атынан тұрғындарға қоңырау шалып, 43 млн теңгеге алдап кеткен 4 алаяқ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ онлайн-брифингінде ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты.

Павлодар облысы ПД «CyberPol» нысаналы тобы банк қызметкерлерінің атынан алаяқтық әрекеттер арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруды ұйымдастырған Павлодар қаласының тұрғынын ұстады, - деді ол.

Қазіргі уақытта оның 20 қылмысқа қатысы анықталды, келтірілген залал шамамен 40 млн теңге.

Сонымен қатар Қостанай облысының ПД полиция қызметкерлерінің атынан тұрғындарға қоңырау шалу арқылы жасалған интернет-алаяқтықтың 8 фактісін жасаған облыстың 4 тұрғыны ұсталды. Келтірілген залал 43 млн теңге, - деп айтты Жандос Сүйінбай брифингте.

Онымен қоса, жедел топ Қостанай қаласының тұрғынын ұстады. Ол маскировка әдістерін пайдаланып, қылмыстық жолмен алынған ақшаны жинаған. Ұсталған адам алаяқтықтың 6 фактісіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін «сіздің қызыңыз жол-көлік оқиғасына түсті» деп Қостанай қаласының тұрғындарын 20 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы