"Сіздің қызыңыз жол-көлік оқиғасына түсті". Полиция алаяқтарды анықтады

17 Шілде 2023, 11:39
1187
Бөлісу:
"Сіздің қызыңыз жол-көлік оқиғасына түсті". Полиция алаяқтарды анықтады
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Қостанайда «CyberPol» қызметкерлері тұрғындарды 20 млн теңгеге алдап кеткен алаяқты анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек онлайн брифингте айтты.

Қостанай қаласының 6 тұрғынынан арыз келіп түсті. Олардың бәрінде қаскөй «Сіздің қызыңыз жол-көлік оқиғасына түсті» деген дәстүрлі схеманы пайдалана отырып, оларды алдаған. Шығын 20 млн теңгеден асты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Оның сөзінше, тергеуге «Cyberpol» бөлімшесі мен Қостанай қаласы полиция басқармасының қызметкерлері кірісті.

Сонымен бірге жәбірленушілер өздерінің үйіне келіп отырған қызға ақша берген. Оның сыртқы келбеті туралы сипаттамалар әр түрлі болды. Ол жасанды шаш ауыстырып отырған. Оның үстіне қара көзілдірікті және әр түрлі бас киімдерді қолданған, - деп айтты ІІМ ресми өкілі.

Алаяқ Қостанай қаласындағы қонақ үйлердің бірінде люкс нөмірінде ұсталды. Одан 800 мың теңге сомасында ақша алынды. Ол қалған қаражатты қымбат телефон, заттар мен ойын-сауық құралдарын сатып алуға жұмсаған.

Қазіргі күні тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңға жуық қылмыс жасалғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы