АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қатысты санкцияларды жұмсарту мүмкіндігін қарастыруға дайын.
Axios тілшісі Барак Равидтің америкалық шенеунікке сілтеме жасап таратқан мәліметі бойынша, Вашингтон ядролық салаға қатысты нақты ілгерілеушілікке қол жеткізілген жағдайда санкциялық режимді әлсіретуге және мұздатылған ирандық активтерді бұғаттан шығаруға жол береді.
«Президент Трамп ядролық саладағы нақты прогресс үшін Иранға санкцияларды жұмсартуды және мұздатылған қаражатты бұғаттан шығаруды ұсынуға дайын», – деп келтіреді Axios дереккөздің сөзін.
Бұған дейін Дональд Трамп Тегеранның Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіруге қатысты ұсынысын қабылдамаған болатын.
Америка көшбасшысының айтуынша, Иран бұғазды дереу бұғаттан шығаруды көздейтін келісімді ұсынған, алайда Вашингтон мұндай шарттарды қабылданбайды деп тапты.
Сондай-ақ Трамп Иранның ядролық қаруға ие болмауы тиіс екенін тағы да мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазына қатысты жеті күндік жоспар бойынша шешімін күтетінін мәлімдеген болатын.