"Тек көк паспорт қажет". Смадияров Қытаймен келісім жайында

7 Тамыз 2023, 18:09
824
Бөлісу:
"Тек көк паспорт қажет". Смадияров Қытаймен келісім жайында
Фото: Арман Мухатов - архив

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Қытайдың арасында визасыз режим енгізілсе қандай құжаттар керегін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Визасыз режим туралы кеілсім күшіне енгеннен кейін тек қана көк паспорт керек. Одан басқа ешқандай құжаттың қажеті жоқ. Тура Түркия Республикасына немесе басқа да Қазақстан азаматтарының визасыз режимдегі елдерге баратын құжаты ғана керек болады, - деді Смадияров Сыртқы істер министрлігінің БАҚ өкілдеріне арналған брифингінде.

Ресми өкіл кейбір БАҚ шілдеде “визасыз режим туралы келісім күшіне енді” деп қате ақпарат таратқан.

Алайда қазіргі таңда осы келісімді Үкімет 2023 жылғы 26 шілдеде № 612 қаулысымен бекітіп, 28 шілдеде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті хабарлама жолдаған.

Кейбір БАҚ бұл келісім күшіне енді деп жазыпты. Бұл дұрыс емес. Қаулы тек Қазақстан тарапы ішкі процедураны аяқтады дегенді білдіреді. Енді Қытай тарапынан осындай хабарлама күтеміз. Хабарлама келген соң сол күннен бастап, күнтізбелік 30 күннен келісім күшіне енеді. Шешім жыл соңына дейін қабылдануы әбден мүмкін, - деп мәлімдеді Смадияров. 

Еске салсақ, Түркияда қазақстандықтар мінген автобус жол апатына түскен болатын. Жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың бірі көз жұмған болатын. Одан кейін тағы бір жерлесіміздің қаза болғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы