Түркиядағы жол апаты. Тағы бір қазақстандық турист көз жұмды

3 Тамыз 2023, 13:29
1537
Бөлісу:
Түркиядағы жол апаты. Тағы бір қазақстандық турист көз жұмды
Фото: Арман Мухатов - архив

Түнде Түркиядағы апатқа ұшыраған тағы бір қазақстандық турист қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі, - делінген хабарламада.

Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілді.

Еске салсақ, Түркияда қазақстандықтар мінген автобус жол апатына түскен болатын. Жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың бірі көз жұмған болатын.

Өзгелердің жаңалығы