Тасжолдарды күтіп ұстауға жаңадан 150 техника алынды – ҚазАвтоЖол

30 Қаңтар 2023, 13:15
2459
Бөлісу:
Тасжолдарды күтіп ұстауға жаңадан 150 техника алынды – ҚазАвтоЖол
Фото: ҚазАвтоЖол

Мемлекет басшысының біртұтас автожол компаниясын құру жөніндегі тапсырмасы аясында ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы үш негізгі бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірінші. Күтіп-ұстау жұмыстарының сапасын арттырып, жол қызметкерлерінің жұмысына қолайлы жағдай жасап, қолдау мақсатында қосымша жаңа 150 бірлік арнайы техника алынды. Олардың қатарында жол машиналары, шнекороторлар, тиегіштер, автогрейдерлер, МТЗ және т.б. бар. Жаңа техника қозғалыс қарқындылығы жоғары жол учаскелеріне, сондай-ақ қар басу қаупі жоғары учаскелерге жіберілді. Сонымен қатар, қолданыстағы техника үшін 60 қосымша жабдық сатып алынды. Күтіп ұстау жұмыстары жыл бойы жүргізілетіндіктен, жаңа техниканы қалған үш мезгілде де қолдануға болады. 

Екінші. Жол қызметкерлерін материалдық тұрғыда ынталандырып, кадрлардың тұрақсыздығын алдын алу үшін 2023 жылдың басынан бері жол жұмысшыларының жалақысы 30% - ға көтерілді.

Үшінші. Қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартып, қауіпсіздікті арттыру үшін жол-пайдалану қызметтерінің ғимараттарын жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр.

Жоғарыда аталған бағыттар бойынша қолға алынған жұмыс биыл жалғасын таппақ.

Ел өңірлеріндегі ҚазАвтоЖолға қарасты жол қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жалғастыруда. Мамандар жүргізушілерді қыс мезгілінде жол бойында ерекше сақ болуға, ауа-райы болжамын жіті қадағалап, ескеруге және арнайы техниканың жұмысына қосымша кедергі тудырмауға шақырады.

Жолда кез келген штаттан тыс жағдайлар туындаса 1403 қысқа нөмірі бойынша ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына жүгіну қажет.

Өзгелердің жаңалығы