Азаматқа өзін банкрот деп жариялауына кім көмектесе алады?

Банкроттық процесті іске асыруға кім көмектесе алады? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтып берді.

30 Қаңтар 2023, 13:14
АВТОР
 ОКҚ 30 Қаңтар 2023, 13:14
30 Қаңтар 2023, 13:14
2164
Фото: ОКҚ

Банкроттық процесті іске асыруға кім көмектесе алады? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтып берді.

Қазіргі таңда қаржы басқарушылары заңнама бойынша көрсетілген. Олар сот банкроттығы рәсімін жүзеге асырады, - деп айтты вице-министр.

Біржанов ол жұмысты іске асыруға кім көмектесе алатынына тоқталды.

  • Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
  • Кәсіби бухгалтерлер;
  • Заң кеңесшілері;
  • Аудиторлар. 

Оларға қосымша талаптар қойып жатқан жоқпыз. Елімізде кеңінен тараған палаталар арқылы осы тізімге жататындар бізге арыз беру арқылы реестрге қосыла алады. Мамандардың жалақысы заңнамада көрсетілген. Қызметтері ақылы, борышкердің мүлкі есебінен — айына бір ең төменгі жалақыны ғана ала алады. Яғни 2023 жылы бұл 70 мың теңге. Айына осы сомадан артық ақша ала алмайды, - деп түсіндірді Қаржы министрлігі өкілі.

Мүлкі жоқ әлеуметтік осал адамдар үшін қаржы басқарушыларының қызметтерін мемлекет төлейді.

Наверх