Тамақтан уланбаған: ДСМ Қарағандыдағы бала өліміне қатысты пікір білдірді

1 Тамыз 2023, 11:18
1278
Бөлісу:
Тамақтан уланбаған: ДСМ Қарағандыдағы бала өліміне қатысты пікір білдірді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Қарағандыдағы әлеуметтік орталықта орын алған жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл орталықтағы 12 балаға «түсініксіз генезді улану» диагнозы қойылды. Әзірге улану себебі түсініксіз. Өкінішке қарай, 12 баланың біреуі көз жұмды. 6 бала жансақтау бөліміне түсті. 5 баланың жағдайы орташа ауыр. Бұл балалардың барлығы – жасөспірім ер балалар. Оның себебін анықтау үшін уақыт керек. Тамақтан улану болуы мүмкін деген алдын ала күдік бар. Бірақ бірінші тексерістен мұның улануға қатысы жоқ екені анықталды. Осы жайтты, балалардың жағдайын ескеріп, Денсаулық сақтау министрі оқиға орнына кетті, - деп түсіндірді бас санитар дәрігер.

Еске сала кетейік, 30-31 шілдеде Қарағанды облысындағы балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықта балалар жаппай уланған болатын. 12 бала ауруханаға түсіп, оның біреуі қайтыс болды. Алты бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Өзгелердің жаңалығы