Талапкердегі қыздарды «орманға алып қашу» оқиғасы: Полиция ресми мәлімдеме жасады

Қыздарды орман алқабына алып қашпақ болды деген ақпарат расталмады.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 20 Тамыз 2026, 12:47
20 Тамыз 2026, 12:47
201
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Ақмола облысы Полиция департаменті Талапкер ауылында қыздарды орман алқабына алып қашуға тырысқан бір топ жасөспірім туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Астанадан келген мас күйдегі бір топ кәмелетке толмағандар туралы ақпарат пайда болған еді. Онда жас жігіттер жергілікті жасөспірім қыздармен танысып, содан кейін қыздарды орман алқабына алып кетпек болғаны туралы хабарланған еді.

Алайда Ақмола облысының Полиция департаменті BAQ.KZ сауалына берген жауабында бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Жоқ, мұндай жағдай болған жоқ. Бұл – қате ақпарат», – деп хабарлады ведомство.

Полиция бұл оқиғаның 15 тамыз күні сағат 19:00 шамасында болғанын нақтылады. Бейнебақылау камераларын мониторинг жасау барысында аға учаскелік полиция инспекторы тәртібі күдік тудырған жасөспірімдер тобын байқаған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Кәмелетке толмаған жеті жасөспірімнің жеке басы анықталған. Олардың барлығы – Астана тұрғындары.

Төртеуінен алкогольдік ішімдік ішкенінің белгілері байқалған ал қалған үшеуі сау күйде болған.

Заңды өкілдері келгеннен кейін жасөспірімдер медициналық куәландырудан өткізу үшін мекемеге жеткізілді. Төртеуінің жеңіл және орташа дәрежеде мас болғаны расталды.

«Кәмелетке толмағандардың жергілікті бассейнге келгені анықталды. Ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік олардан нысан аумағынан кетуді сұраған. Осыдан кейін жасөспірімдер бассейн аумағынан шығып, спирттік ішімдік ішкен. Анықталған фактілер бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты шаралар қабылданды. Алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін тиісті баптар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды», – деп хабарлады полициядағылар.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда селфиге суретке түсемін деп пойыз үстінде тоқ соққан жасөспірімге 18 ота жасалғаны хабарланды

Тағы оқи отырыңыз: 

Жамбыл облысының тұрғыны баланың көзінше ішімдік ішкені үшін жазаланды

Астанада видео түсіріп тұрып «ашуланған» жігіт 5 тәулікке қамалды 

Астананың екі тұрғыны шалшық суға шомылғаннан кейін қамауға алынды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от КОКШЕТАУ | KZ | ВСЁ, ОБО ВСЁМ (@kokshetaulive)

Наверх