Селфидің ауыр зардабы: Қостанайда тоқ соққан жасөспірімге 18 ота жасалды

Жасөспірім суретке түсу үшін вагонның үстіне шыққан.

19 Тамыз 2026, 19:14
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Мақсат Рысбеков 19 Тамыз 2026, 19:14
19 Тамыз 2026, 19:14
163
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Мақсат Рысбеков

Теміржол вагонында суретке түспек болған 15 жасар жасөспірім жансақтау бөлімінде 43 күн жатты. Сонымен қатар оған 18-ге жуық ота жасалды. Бұл туралы Қостанай облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел жәрдем бригадасы баланы маусымның 25-і күні травматология пунктіне жеткізген.

Белгілі болғандай, жасөспірім суретке түсу мақсатында теміржол вагонына шыққан. Оны 27 мың вольттан астам кернеудегі тоқ соққан.

«Бала жансақтау бөліміне жатқызылып, онда шокқа қарсы іс-шаралар жасалды. Қарқынды терапия, қан құю, ота жасау емдері жүргізілді. Ол жансақтау бөлімінде 43 күн жатты. Жалпы алғанда, балаға 18-ге жуық ота жасалды. Реаниматолог дәрігерлердің, травматологтардың, ота бөлімі қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді сатып алуға көрсетілген демеушілік көмектің арқасында баланың жағдайы жақсарды. Аяқ-қолы кесілмей, емделіп, аман-сау қалды», - деп хабарлады Қостанай областық балалар ауруханасы.

Ауруханада дәрігерлер операциялық блок мамандарымен бірлесіп баланың жағдайын тұрақтандырған. Нәтижесінде дәрігерлер жасөспірімнің аяқ-қолын аман сақтап қалып, өмірін де құтқарған. 

Еске салайық, бұған дейін Қостанайды селфи жасамақ болған жасөспірім вагон үстіне шығып, денесінің 60 пайызын күйік шалғаны хабарланды

Тағы оқи отырыңыз:

Астанада аулада тоқ соққан 5 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Ақмола облысында 18 жастағы жігітті тоқ соғып, көз жұмды

Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды

Наверх