Таиландта матч кезінде футболшыға найзағай түсті

 Shanghai Daily/X видеосынан кадр 5 Тамыз 2026, 20:25
5 Тамыз 2026, 20:25
97
Фото: Shanghai Daily/X видеосынан кадр

Таиландта футбол матчы кезінде үстіне найзағай түскен 24 жастағы футболшы қаза тапты. Трагедия елдің оңтүстігіндегі Наратхиват провинциясында болған. Бұл туралы E-huquq және PBS телеарнасы хабарлады.

Голок кубогының матчы нөсер жауын астында өтті. Төреші қосқан қосымша уақытта футбол алаңына жасын түсіп, салдарынан бірнеше ойыншы газонға құлаған.

Куәгерлердің мәліметі мен әлеуметтік желіде жарияланған видеожазбаларға сүйенсек, найзағай ұшқыны алаң жиегінде тұрып, ойынға ауысуға дайындалып жатқан екі футболшыға тиген.

Зардап шеккендердің бірі – үшінші дивизиондағы «Яла» клубында өнер көрсеткен 24 жастағы Софван Аваэ болды. Дәрігерлер бірден алаңға жүгіріп шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткеніне қарамастан, спортшыны аман алып қалу мүмкін болмады. Ол біршама уақыттан кейін көз жұмды.

Жалпы найзағай түсуі салдарынан матчқа қатысқан тоғыз адам зардап шекті. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылды.

Еске салайық, бұған дейін Венесуэлада әуежай аумағына найзағай түсіп, тоғыз адам зардап шекті.

Тағы оқи отырыңыз: 

Флорида жағажайында найзағай соғып, бір адам қаза тапты

Ақтөбеде 19 жастағы жігітті найзағай соғып, көз жұмды

Бурабайда найзағайдан тұтанған өрт үлкен аумаққа таралмай тоқтатылды

Наверх