Тағы бір депутат Мәжілістен кетті

14 Ақпан 2024, 10:06
1123
Бөлісу:
Тағы бір депутат Мәжілістен кетті
Фото: Үкімет

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мәди Тәкиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов Мәди Тәкиев Президенттің Жарлығымен Қаржы министрі лауазымына тағайындалғанын атап өтті.

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына «ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаты Мәди Тәкиевтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді Шавхат Өтемісов.

Депутаттар ұсынылған мәселені дауысқа салып, тиісті қаулыны қабылдады.

Еске сала кетсек, Мәди Тәкиев Қаржы министрі болып тағайындалды. Үкімет құрамына қосылған жаңа министрлер 13 ақпанда Үкімет отырысында ант берді.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанова өз еркімен отставкаға кеткен болатын. 

Өзгелердің жаңалығы