төбелес
-
-
Алтын Орда базарында төбелескендер татуласты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы маңындағы Алтын Орда базарында төбелескен жүргізуші мен тұрақшы татуласты. Бұл туралы Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
01.04.2021
-
Жаппай төбелеспен аяқталған әскери сайысты өткізгендер жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында әскери дайындық пәнінен өткізілген оқушылар арасындағы сайыс жаппай төбелеспен аяқталғаны БАҚ беттерінде хабарланды. Осы сайыс өткен Мәдениет үйінің директорына айыппұл салынды. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.
26.02.2021
-
Оралдағы төбелесте зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда жастар төбелесінен кейін тағы бір адам көз жұмды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлімдеді.
16.02.2021
-
Оралда бірнеше адам пышақ жарақатын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда бір түнде бірнеше адам пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.
21.11.2020
-
Нұр-Сұлтандағы жаппай төбелесте Дулат Ағаділдің ұлы мерт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Эльмира Шәуленова хабарлады.
11.11.2020
-
Алматыдағы ХҚКО-да көлік сатушы мен клиент төбелесті
Алматы, BAQ.KZ. Желіде екі жігіттің төбелесіп жатқан бейнесі тарады.
21.10.2020
-
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай ауданында болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан жеті адам сотталды.
01.10.2020
-
Павлодар облысында төбелес болып, үш адам ауруханаға жатқызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша, сағат 01.50-де Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының автобекет маңы алаңында жанжал шығып, 3 ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.
06.09.2020
-
Көкшетауда бір топ адамның төбелесі видеоға түсіп қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда он шақты ер адамның төбелесі видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
05.08.2020
-
Ұлтаралық жанжалды қоздыру адамгершілік қағидаттарына сыймайтын дүние – Абаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі биылғы басты оқиғалар індетке байланысты ғана емес, ұлтаралық бірлігіміз туралы да сөз қозғауға міндеттейді. Бұл мәселеде көңілге алаңдаушылық келетіні де жасырын емес. Бұл туралы ҚР Президенті әкімшілігінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев жазды.
01.08.2020
-
Бір ұлт – көп этнос. Шорнақты шулатып, Қордайды қырылыстырған кімдер?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан – көпэтносты мемлекет. Бір шаңырақтың астында 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілі тұрады. Татулық пен ынтымақтастыққа сызат түсірмеу үшін не істеу керек? Жағымсыз жағдаяттар мен оқыс оқиғалардан сабақ алдық па? Құндылықты қалай құлдыраттық? Осы сұрақтарға жауапты шолудан табасыз.
29.07.2020
-
Көкшетауда әйелдер ер адамды соққыға жықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда үш әйел ер адамды ұрып-соқты деген күдікке ілінді, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
03.03.2020
-
Көкшетауда пышақтасумен аяқталған төбелес видеоға түсіп қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 ақпан күні сағат таңғы 4 шамасында жедел басқару орталығының инспекторы «Евразия» түнгі клубының алдында төбелес болып жатқанын көреді. Ол оқиға орнына полиция жібереді.
27.02.2020
-
Қордайдағы төбелес: Тұрғындар аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің үстінен шағымданды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қордай ауданында болған жаппай төбелеске байланысты өңірдегі полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 8-20 ақпан аралығында 57 азаматтың жоғалған, өрт шалған, үйіндінің астында қалған жеке куәліктерін қалпына келтіріп берген.
24.02.2020
-
Қордайдағы төбелес: Үкімет комиссиясы қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет комиссиясы Әлжан апа ауылында Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды.
10.02.2020
-
Қордайдағы төбелес: Тұрақтылыққа мемлекет құраушы ұлт қана мүдделі ме?
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтік комиссия Қордай ауданындағы ахуалды тыныштандыру, қираған сауда орындарының, үйлердің, көліктердің шығынан есептеу бағытында жұмыс атқаруда.
10.02.2020
-
Ауыл партиясы: Халықтың тыныштығы бұзылғанын ешкім қаламайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ауыл" демократиялық партиоттық партиясы Қордайдағы қайғылы жағдайға байланысты пікір білдірді.
09.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Суреттер сөйлесін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылындағы жергілікті тұрғындар арасындағы жаппай төбелес қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде түрлі видеолар мен суреттер тарап, халық арасында түрлі сұрақтар туындатты. Оқиғаның ақ-қарасын ажырату үшін ҚР президентінің тапсырмасымен ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі үкімет комиссиясы Жамбыл облысына барды.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Көз жұмғандардың аты-жөні жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан дүңгендер қоғамының Алматы филиалы Жамбыл облысының Қордай ауданында болған жаппай төбелес кезінде қаза болғандардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлады sputniknews.kz.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Сегіз адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 8 ақпанда Қордайдағы төбелестен бас сүйек-ми жарақаттары мен оқ жарақаттары бар бірнеше ауыр науқас Алматыдағы екі емханаға жеткізілді. Бұл туралы Үкіметтік комиссияның төрағасы Бердібек Сапарбаев айтты.
08.02.2020
Наверх