Алтын Орда базарында төбелескендер татуласты

1 Сәуір 2021, 17:21
2399
Бөлісу:
Алтын Орда базарында төбелескендер татуласты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы маңындағы Алтын Орда базарында төбелескен жүргізуші мен тұрақшы татуласты. Бұл туралы Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

30 наурыз күні Алтын Орда базарының авотұрағында көлік жүргізушісі мен тұрақ жұмысшысы арасында жанжал туындаған болатын. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеуге алынған. Тергеу амалдары кезінде екі тараптың үстінен де ҚК 293-бабы 2-тармақшасының 1-бөлігі «Бұзақылық»  бойынша екі іс қаралған.

Қарасай аудандық Полиция басқармасы жүргізген тергеу амалдары кезінде жанжалға қатысқан екі тарап та өз кінәларын мойындап, бір-бірінен және халықтан кешірім сұрады. Оған қоса сотқа дейінгі тергеуді тоқтату жөнінде арыз түсірді. Сондай-ақ олар бұл ісі жеке екеуіне қатысты болғандықтан халықтан бұл жайтты талқылауды тоқтатуды өтінді, - дейді полициядағылар. 

Жоғарыда айтылғандар ескеріліп, аталған тараптарға қатысты қылмыстық іс тоқтатылған.

Өзгелердің жаңалығы