Маңғыстаудағы соңғы қоңырау төбелеспен аяқталды

25 Мамыр 2021, 16:20
4700
Бөлісу:
Маңғыстаудағы соңғы қоңырау төбелеспен аяқталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде Бейнеу ауылы мектебін бітірген түлектердің төбелесі бейнеленген видео жарияланды.

Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Маңғыстау облысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, төбелес салдарынан 7 адам ұсталған.


25 мамыр шамамен сағат 11.00-де Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында Ж. Қалдығараев пен Ы. Алтынсарин атындағы мектеп түлектері арасында төбелес болды. Оқиға орнында 7 адам ұсталды. Олар істің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізді. Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабы бойынша Бейнеу ауданының полиция бөлімінде тіркелді, - делінген хабарламада.

Бүгін соңғы қоңырау соғылып жатқандықтан, полицейлер күшейтілген қызмет режиміне көшті.


Өзгелердің жаңалығы